Дрондар шабуылы нәтижесінде Новороссийскідегі "Шесхарис" тасымалдау кешеніндегі мұнай базасы мен жағалау құрылыстарына зақым келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Краснодар өлкесінің жедел штабының мәліметінше, дрондар соққысы жағалау құрылыстарына зардабын тигізген. Оперативтік және арнайы қызметтердің мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар әуе шабуылының алдын алу шаралары жалғасып жатқаны айтылған.
Дрон қалдықтарының жерге түсуі салдарынан Новороссийскідегі үш көпқабатты үй бүлінді, бірнеше пәтердің терезесі сынып кеткен. Бір ер адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.
14 қарашаға қараған түні қала басшысы Андрей Кравченко Новороссийскіде дрондар шабуылына тойтарыс беріліп жатқанын, сирена дыбысы естілгенін хабарлаған.