Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен Амангелді Шайхоллаұлы Нұғманов Комитет төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Амангелді Нұғманов Ақтөбе ауыл шаруашылығы техникумын және "Қайнар" университетін үздік бітірген. Сонымен қатар Будапешт қаласындағы (Венгрия) Халықаралық құқық қорғау органдары академиясында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алған.
Еңбек жолын ауыл шаруашылығы өндірісі саласында бастаған. Кеден органдарында инспектордан өңірлік департамент басшысына дейінгі қызметтерді атқарған. Әр жылдары Астана қаласы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Павлодар облыстары бойынша кедендік бақылау департаменттерін басқарды.
Кейін Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы, Астана қаласы және Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысы, сондай-ақ Ақтөбе облыстық мәслихатының төрағасы қызметтерін атқарды.
2023 жылғы 25 қаңтардан 2026 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды.