Nur Otan кандидаттары: Премьер – Асқар Мамин, Мәжіліс спикері – Нұрлан Нығматулин

1168

Nur Otan партиясы атынан Үкімет пен Мәжіліске басшылық ететін кандидаттар белгілі болды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Nur Otan кандидаттары: Премьер – Асқар Мамин, Мәжіліс спикері – Нұрлан Нығматулин

Бүгін саяси ұйымның төменгі палатадағы фракциясының отырысында партия төрағасы – Нұрсұлтан Назарбаев Премьерлікке – Асқар Маминнің, ал Мәжіліс спикерлігіне – Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды. Екеуі де сайлауға дейін осы міндетте отырған азаматтар. Енді олардың кандидатурасы ертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін қос палатаның бірлескен отырысында қаралып, жаңа депутаттардың дауыс беруіне түседі. Сондай-ақ, мемлекет басшысы жиында үндеу жасайды деп жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу