"Nur Otan-ның" бесжылдық бағдарламасы бюджетпен бекемделеді

693

Партия қыркүйекте жоспарын жариялайды.

"Nur Otan-ның" бесжылдық бағдарламасы бюджетпен бекемделеді

Nur Otan партиясының жергілікті бағдарламалары әуелі халықтың талқысына ұсынылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен  өткен саяси кеңестің бюро отырысында партия көшбасшысы осылай деп мәлімдеді.

"Біз өз өңірі мен елдің дамуына атсалысқысы келетін жандар үшін "әлеуметтік лифт" жасадық. Қыркүйек айында 216 жергілікті бағдарламаның бәрі жарияланады. Жұрт арасындағы талқылаулар біздің электоралдық мақсат-міндеттерімізді халықтың қалауымен сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Бесжылдық бағдарламалар адамдардың көзқарасын ескере отырып, әр аудан, қала,  облыстың бюджетімен байланыстыра отырып пысықталады", – деді Елбасы.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу