"Nur Otan-ның" Партиялық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

1118

Бұған дейін комитетті Павел Олегович Казанцев басқарды. 

"Nur Otan-ның" Партиялық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

"Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қаулысымен Артур Платонов Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Артур Станиславовичтің қоғамдық және партиялық жұмыста жинақтаған мол тәжірибесі Комитет қызметін күшейте түсуге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Мәжіліс Төрағасының орынбасары болып сайланған Комитеттің бұрынғы басшысы Павел Олегович Казанцевке атқарған жұмысы үшін алғыс айтамын",– деп жазды Бауыржан Байбек "Твиттерде".

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу