Нұр-Сұлтан – Прага – Нұр-Сұлтан бағытында әуе рейсі ашылады

981

"SCAT" әуе компаниясына Нұр-Сұлтан – Прага – Нұр-Сұлтан халықаралық әуе бағытына ұшу сертификаты берілді.

Нұр-Сұлтан – Прага – Нұр-Сұлтан бағытында әуе рейсі ашылады

Компания осы жылдың маусым айынан бастап, аталған бағытта аптасына 2 рейс жиілігімен Boeing-737 ұшағында тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ИИДМ азаматтық авиация комитеті.

Бұл рейстің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуеті мен туристік саласын дамытуға ықпал етеді.

ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Қазақстандағы Чехия Республикасының елшісі Рудольф Хиклмен кездесу өткізді. Кездесу барысында екі ел арасындағы жоғарыда аталған тікелей әуе рейстерінің ашылу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ Чехияда өндірілген шағын авиацияның ұшақтарын жеткізу және елімізде ұшқыштарды дайындау мәселелері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу