Нұр-Сұлтан алғаш рет су добынан Ресей чемпионатының кезекті турын қабылдайды

840

Бүгінге дейін Ресей ашық чемпионатының матчтары өзге елдерде өткізілмеген. 

Нұр-Сұлтан алғаш рет су добынан Ресей чемпионатының кезекті турын қабылдайды Фото: olympic.kz

Бүгін ақпан күні Нұр-Сұлтанда су добынан ерлер арасындағы Ресей ашық чемпионатының кезекті туры өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Алғашқы ойын сағат 19:00-де "Барыс Арена" спорт кешенінде өтеді. Кездесуді тамашалаушылар үшін 1803 орын қарастырылған. 

Бүгінге дейін Ресей ашық чемпионатының матчтары өзге елдерде өткізілмеген. Қазақстан су спорты түрлері федерациясының бас хатшысы Сергей Дроздов аталған турнирді елімізде ұйымдастырудың маңызын атап өтті. 

"Біз Нұр-Сұлтанда аталған турнирдің өтетіні үшін қуаныштымыз. Бұл елімізде су добынан ірі жарыстар өткізу үшін жасалған алғашқы қадам. Сондай-ақ, Қазақстанда су добын кеңінен насихаттауға да өз үлесін қосады", – дейді ол. 

Біздің команданың қарсыласы – "Спартак Волгоград" клубы. Бұл су добынан ерлер арасында Ресейдегі ең танымал команда. Олар 12 рет Ресей чемпионатын, 12 рет Ресей кубогін жеңіп алған. 2014 жылы Еуропа кубогінің иегері атанған.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу