Нұр-Сұлтан әуежайында жұмыс уақыты қысқарады

1398

Халықаралық әуежай 17 сағаттық режимге көшеді. 

Нұр-Сұлтан әуежайында жұмыс уақыты қысқарады

Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының жұмыс уақыты қысқарады. Бұл туралы аталған әуежайдың баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2021 жылғы 21 шілде мен 9 тамыз аралығында ұшу-қону жолағы мен жарық-сигналдық жабдықтың жоспарлы жөнделуіне байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ұшып шығу және ұшып келу кестесіне өзгеріс енгізіледі.
Әуежайдың жұмыс уақыты тәулігіне 24 сағаттан 17 сағатқа қысқарады. Жөндеу жұмыстары күн сайын сағат 11:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жүргізіледі",– деді Анвар Шалекенов.

Оның айтуынша, жөндеу жұмыстары 1 сәуірден бастап барлық әуекомпаниямен алдын ала келісілген. Сондықтан олар рейстер кестесіне өзгерту енгізіпті.

"Осыған байланысты барлық жолаушыны әуежайға алдын ала тіркелуге және әуекомпаниялардың call-орталығынан рейстердің ұшу уақыты туралы толық ақпаратты нақтылауды сұраймыз", – деді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу