Нұр-Сұлтан автопарктеріне 2 миллиард теңге субсидия берілмек

856

Қала басшысы, автобус парктерін субсидиялау жүйесі жол жүру құнын тұрақты ұстап тұру үшін қажет екенін айтады.

Нұр-Сұлтан автопарктеріне 2 миллиард теңге субсидия берілмек

Елордадағы автобус парктеріне 2 млрд теңге субсиядия беріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала басшысы автобус парктерін субсидиялау жүйесі жол жүру құнын тұрақты ұстап тұру үшін қажет екенін айтады.

"Қоғамдық көлік – өте сезімтал көлік түрі. Сондықтан бұл саланы субсидиялау жалғасады. Осы саланы қолдамасақ, қарапайым халықтың қалтасына билет бағасы бойынша салмақ түседі. Сондықтан субсидияны тоқтатпаймыз. Тиісті субсидияның бәрі кезең-кезеңмен төленеді", – деді әкім БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беру кезінде.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, аталған бағытта бюджеттен 2 млрд теңге бөлінбек.

"Бюджет әлі жабылған жоқ. Сондықтан, өткен жылғы субсидия бәрі бір төленеді. Жақын уақытта шамамен 2 млрд теңге субсидияны саламыз. Бізге ең әуелі қоғамдық көлік қызметінің сапасы жақсы, жолаушыларға ыңғайлы болғаны керек", – деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу