Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ауысты

3406

Елордаға жаңа әкім тағайындалды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ауысты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Алтай Сейдірұлы Көлгінов 1978 жылы дүниеге келген. А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 

2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен. 2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде және Бас прокуратура органдарында түрлі лауазымда қызмет атқарды.

2008-2010 жылдары "АлашМедиаГрупп" ЖШС бас директорының орынбасары болды. 2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып еңбек етті. 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды. 

2016 жылдың 26 наурызынан бастап Батыс Қазақстан облысының әкімі болды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу