Нұр-Сұлтан-Киев тікелей рейстері қайта жанданады

1071

Бұл туралы компания сайтында жазылған.

Нұр-Сұлтан-Киев тікелей рейстері қайта жанданады

Қазақстандық Air Astana авиакомпаниясы 22 ақпаннан бастап Нру-Сұлтаннан Киевке тікелей рейстерді қайта бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан астанасынан рейстер аптасына бір рет дүйсенбіде жүзеге асырылады. Эконом-класс билеттерінің құны екі бағытта 160,6 мың теңгеден, бизнес-класс үшін 426,8 мың теңгеден басталады.

Әуекомпания қазірдің өзінде сенбі күндері Алматыдан Киевке тікелей рейстер бар екенін айтты.  

Air Astana әуекомпаниясы Қазақстан мен Украинаға кірген кезде санитарлық талаптардың сақталуын еске салды, оны тасымалдаушының сайтында табуға болады.

Air Astana – бұл "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлыбританияның BAE Systems компаниясы арасындағы (51% және 49% акциялар) бірлескен кәсіпорын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу