Нұр-Сұлтан көшелерінің біріне Әбіш Кекілбайұлының есімі берілді

1105

Бүгін қалада жазушының 80 жылдығына орай бірқатар іс-шара өтеді.

Нұр-Сұлтан көшелерінің біріне Әбіш Кекілбайұлының есімі берілді

Елорданың сол жағалауында орналасқан жобалық атауы №28 көшесіне Қазақстанның халық жазушысы, қоғам және саясат қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының есімі берілді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Әбішев Кекілбайұлының елдің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесін атап өтті.

Айта кетсек, Әбіш Кекілбайұлы Ги де Мопассанның "Жизнь", "Пьер и Жан" романдарын, Шыңғыс Айтматовтың "Ранние журавли" повесін, Уильям Шекспирдің, Антон Чеховтың, Лев Толстойдың және т.б. шығармаларын қазақшаға аударған.

Оның шығармалары әлемнің 13 тіліне аударылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу