Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Калининградқа әуе қатынасы қайта жанданды

796

Нұр-Сұлтан – Калининград және Алматы – Калининград бағыттары бойынша аптасына 1 рейстен ашуға рұқсат берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Калининградқа әуе қатынасы қайта жанданды

Boeing-737 әуе кемесімен тұрақты рейстерді 2021 жылғы 4 қарашадан бастап Ресейдің "Северный ветер" әуе компаниясы жүзеге асырмақ. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан – Калининград бағытына сенбі күндері, Алматы – Калининград бағытына бейсенбі күндері рейс орындалады.

Рейстер әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу