Нұр-Сұлтан және Алматыда жаңажылдық отшашу болмайды

1080

Тәуелсіздік күніне орай республикалық маңызы бар екі қалада да отшашу ұйымдастырылған.

Нұр-Сұлтан және Алматыда жаңажылдық отшашу болмайды

Алматыда жұрт бір жерге көп жиылмас үшін отшашу болмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты және тұрғындардың коронавирус жұқтыру дерегін алдын алу үшін 31 желтоқсанда Алматыда мерекелік отшашу болмайды", - деп жазылған коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі қалалық штаб таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда да жаңа жыл күні "мерекелік от шашылмайды". Бұл жағдайға қатысты қала әкімдігі түсінік берген жоқ.

Өткен жылы да елорда мен Алматыда жаңажылдық отшашу болмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу