Нұр-Сұлтан–Алматы рейсімен жолға шығу үшін тестті қай жерде тапсыруға болады?

671

Анықтама 7 күнге жарамды.  

 Нұр-Сұлтан–Алматы рейсімен жолға шығу үшін тестті қай жерде тапсыруға болады?

1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында әуе қатынасы жанданады. Алайда аталған рейс жолаушыларына қойлатын негізгі талап – коронавирустық инфекцияға сынама тапсырып, оның теріс нәтиже көрсеткендігі туралы құжаттың болуы. Ал бұл анықтаманы төмендегі орталықтарда тест тапсыру арқылы алуға болады:

1.      "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы: Желтоқсан көшесі 46, тел. 8 (7172) 31-54-09, 8 (7172) 59-00-77;

2.      "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалы: Жібек Жолы көшесі 3, тел. 8 (7273) 82-35-65, 8 (727) 259-00-77;

3.      "Олимп" КДЗ Нұр-Сұлтан қаласында: Республика даңғылы 2/1, Гёте көшесі 3, Б. Момышұлы даңғылы 16, Абылай-хан даңғылы 12/1, Е-10 көшесі 2 үй, Манкент 2 көшесі (мобилді пункт). Тестілеу 8701 961 7008 телефонымен алдын ала жазылу арқылы ғана жасалады;

4.      "Олимп" КДЗ Алматы қаласында: Медеу ауданы –  Халиуллин к-сі 32, Сейфуллин к-сі 549, Жандосов к-сі 1В; Алмалы ауданы – Байзақов к-сі 221/155, Гагарин к-сі 236б. Тестілеу 8701 961 7307 телефонымен алдын ала жазылу арқылы ғана жасалады (смс мәтін WhatsApp);

5.      INVIVO" зертханасы Алматы қ-сы: Қарасай батыр к-сі 123, Call-center: 8 727 258 83 83, 8 778 769 38 81.

Бұл ретте министрлік тестті жолаушылар жеке қаражаты есебінен тапсыратынын ескертті. Ал оның бағасы 9-10 мың теңге мен 19 мың теңге аралығында. Тексеріс нәтижесі бір тәуліктің ішінде белгілі болады. Сынама бойынша берілетін анықтама 7 күнге жарамды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу