Нұр-Сұлтанда 11 кемені пайдалануға тыйым салынды

1144

Су көлігі тиесілі лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нұр-Сұлтанда 11 кемені пайдалануға тыйым салынды

Нұр-Сұлтанда Есілде жүзетін жолаушылар кемелері тексерілді. Сыйымдылығы сәйкесінше 45 және 65 адам болатын "Астана" және "2" жолаушылар кемесін тексеру кезінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.

Сондай-ақ жыл сайынғы қажетті техникалық байқаудан өтпеген жолаушылар мен жүк кемелері, оларға қызмет көрсетуге арналған 7 қалқымалы қондырғы да тоқтатылған.

Анықталған заң бұзушылықтар нәтижесінде 11 кемені пайдалануға тыйым салынып, заң бұзушылықтарды жедел жоюға қатысты ұйғарымдар берілді және су көлігі тиесілі лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу