Нұр-Сұлтанда 21 мектеп карантинге жабылған

1000

Қалада 174 студент коронавирус жұқтырған.

Нұр-Сұлтанда 21 мектеп карантинге жабылған

Елордада коронавирус жұқтыру дерегінің тіркелуіне байланысты 21 мектеп карантинге жабылған. Бұл туралы елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Оқу жылы басталғалы бері Нұр-Сұлтанда барлығы 79 мектеп карантинге жабылды. Қазіргі таңда 21 мектеп карантинде", - деді ол әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, студенттер арасында COVID-19 вирусын жұқтырудың
174 дерегі тіркелген.

"Оның ішінде 35 колледж, 139 университет студенттері", - деді ол Сархат Бейсенова. 

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу