Нұр-Сұлтанда 230 кәсіпорынның санитарлық нормаларды сақталуы тексерілді

797

15 нысан ескерту алып, 3 нысан жабылды.   

Нұр-Сұлтанда 230 кәсіпорынның санитарлық нормаларды сақталуы тексерілді

Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтау бойынша 230 кәсіпорын тексерілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 15 нысан ескерту алып, 3 нысан жабылды. Олар асханалар мен кофеханалар.

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлер және эпидемиологтармен бірге күн сайын санитарлық нормаларды бұзған мекемелерді анықтау үшін рейд жүргізеді. Бұған дейін санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін жабылған нысандар санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше жабық болады.

Мұндай қатаң шара коронавирустың таралуына жол бермеу үшін қабылданды. Елордада маска тағу режимі әлі де сақталуда. Автобустар, дүкендер және басқа да адам көп жиналатын жабық жерлерде маска киіп, арақашықтық сақтап, антисептик пайдалану қажет.

Санитарлық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталмаса, қалада күшейтілген карантин режимін енгізуге – нысандардың жұмысын тоқтатуға, қалада жүріп-тұруға шектеу енгізуге тура келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу