Нұр-Сұлтанда АӘК тағайындауға өтініштер қабылдана бастады

809

Бүгіннен бастап елордада халықты атаулы әлеуметтік көмекпен барынша қамту мақсатында азаматтардың өтініштерін қабылдау басталды.

Нұр-Сұлтанда АӘК тағайындауға өтініштер қабылдана бастады

Құжаттарды қабылдау Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандарының әкімдіктерінде,  Халықты Жұмыспен қамту орталығында, "Жанұя" отбасын институтын қолдау орталығында іске асады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Сапалы көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды қабылдау алфавиттік тәртіпте өтуде. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап, өтініш берілген күніне қарамастан тағайындалатындығын атап өткен жөн. Яғни, өтініш 20 қаңтарда немесе айдың соңғы күнінде тапсырылса, онда төлем толық ай бойы төленеді. Құжат тапсырушы азаматтар өтініш, сәйкестендіру үшін жеке куәлікті ұсыну қажет. Сондай-ақ, АӘК-ті тағайындау үшін тұрғылықты жеріңізде тұрақты немесе кемінде 6 ай  уақытша тіркеу болу керек",– делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері бұрынғыдай отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі мен отбасының әр мүшесі үшін күнкөріс деңгейінің (КД) 70% арасындағы айырмашылықты құрайды (2020 жылдың 1-ші тоқсанына КД – 34 654 теңге, кедейлік шегі – 22 258 теңге).
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу