Нұр-Сұлтанда ағаш отырғызу экоакциясы басталды

996

Елорданың Президенттік саябағында экологиялық акцияға қатысушылар – қоғамдық ұйымдардың өкілдері, еріктілер, елордалық жастар және қалалық мәслихат депутаттары 200-ден астам ағаш отырғызды, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда ағаш отырғызу экоакциясы басталды

"Әр демалыс сайын елорда тұрғындарын жасыл желек отырғызуға шақырамыз. Жалпы алғанда, біз қала ішінде 200 мың, ал елорданың айналасындағы жасыл белдеу аумағына 800 мың ағаш отырғызамыз. Қаланы көгалдандыру экологиялық жағдайды жақсартуда маңызды рөл атқарады. Олар климатқа әсер етеді, шуды азайтады, шаңды өзіне сіңіреді, биоәртүрлілікті қолдайды", – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбеков.

Әкім орынбасарының айтуынша, жыл соңына дейін қала аумағын абаттандыру аясында тағы 22 қоғамдық кеңістік ашылады. Атап айтқанда, Президенттік саябақта спорт және балалар алаңы, ит серуендететін орын ашу жоспарланып отыр.

Бүгінгі акция аясында 113 га аумаққа созылған Президенттік саябаққа қарағай, терек, емен және қайың көшеттері отырғызылды – барлығы 200-ден астам ағаш. Жақын арада 1000-ға жуық ағаш отырғызу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу