Нұр-Сұлтанда "Атамекен" қолдау орталығы" іске қосылды

1336

"Атамекен" қолдау орталығы" жобасының басты міндеті – жұмыссыз халықпен байланыс орнату және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету. 

Нұр-Сұлтанда "Атамекен" қолдау орталығы" іске қосылды

Қазақстанда "Атамекен" қолдау орталығы" жобасы іске қосылды. Аталған жоба "Атамекен" ҰКП мен ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің бірлесуімен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды atameken.kz.

"Атамекен" қолдау орталығы" жобасының басты міндеті – жұмыссыз халықпен байланыс орнату және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету.

"Осы жобадағы біз үшін маңыздысы – халықпен байланыс орнату.  Жұмыспен қамтылу және осы бағытта адамдарға ұсынылған ашық мүмкіндіктер мәселелерінде ақпараттық тапшылық бары анық. Мобильді орталықтардың міндеті – осы олқылықтың орнын толтыру. Біз жұмысқа тұруға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар адамға табыс көздерін табуына қажетті қандай құралдар барын түсіндіріп, оның іскерлік әлеуетін анықтау және ашуға атсалыспақпыз", – деп атап өтті "Атамекен" ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу