Нұр-Сұлтанда барлық компьютерлік томографтар тәуліктік режимге ауыстырылды

733

Компьютерлік томография covid-19 нәтижесінде пайда болатын пневмония мен өкпедегі басқа да патологияларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. 

Нұр-Сұлтанда барлық компьютерлік томографтар тәуліктік режимге ауыстырылды

Елордада науқастарға медициналық көмекті дер кезінде көрсету үшін барлық компьютерлік томографтардың жұмысы тәуліктік режимге ауыстырылды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Елордада он жеті КТ-аппараты бар. Олардың барлығы тәулік бойы жұмыс жасайды. Елорда әкімдігі қосымша тағы екі КТ аппаратын сатып алды. Олар шілде айының соңына дейін қалаға әкелінеді.

Қаладағы барлық 14 мемлекеттік және 2 жеке емханада рентген аппараттары бар. Маусым-шілде айларында барлығы 20 мыңға жуық кеуде қуысына зерттеу жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу