Нұр-Сұлтанда бір апта ішінде қандай іс-шаралар өтеді

607

Осы аптада елорданың мәдени мекемелері кез-келген талғам мен жасқа арналған бірқатар іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.

Нұр-Сұлтанда бір апта ішінде қандай іс-шаралар өтеді

Астаналықтарды танымдық сағаттар, спектакльдер, премьералар мен концерттер күтіп тұр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

22-24 шілде аралығында елордалық қуыршақ театрында "Жаңғырық қалай пайда болды" атты жапон халық ертегісі көрсетіледі. Жас көрерменнің музыкалық театры 18 және 19 шілде күндері сағат 19:00-де "Үнсіздік" перфомансының тұсаукесеріне шақырады. 20 шілде күні кешке МТЖҰ "Шәмші" мюзиклін және "GoDo"комедиялық абсурдын ұсынады. Күндіз "Ғашық-жүрек" музыкалық-поэтикалық спектаклін тамашалауға болады. 22 Шілдеде "ТЕАТР ӘЛЕМІ" концерт-қойылымы, 23 шілдеде "Махаббат бар ма?", 24 шілде – "Абай-Тоғжан" музыкалық драмасы қойылады.

№2 балалар кітапханасында 19 шілде күні "Мың ғаламшардың арасында жерден кереметі жоқ" атты экологиялық сағат, ал №8 балалар кітапханасында "Үлкен табиғаттың кішкентай ғажайыптары" атты экосағат өтеді. 20 шілдеде №5 балалар кітапханасы" жазды бекер өткізбе – кітапханаға кел!...", осы уақытта №2 бұқаралық кітапханада "Қағаздан қол өнер" шеберлік сыныбы ұйымдастырылады. Сол күні №3 балалар кітапханасында "Нашақорлыққа – жол жоқ" атты тренинг сабағын тамашалауға болады. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 22 шілде күні "Ғашықтық ғаламаты" атты әдеби сағат өткізіледі. Апта бойы 19-23 шілде аралығында №15 бұқаралық кітапханада арт-терапия, шахмат, тоғызқұмалақ, ағылшын тілі бойынша клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді.

Демалыс күндері, 23 және 24 шілдеде сағат 12:00-ден 22:00-ге дейін креативті индустрияларды дамыту орталығы Demalys Promenade алаңында, "Самал" қоғамдық кеңістігі мен қалалық алаңда Creative Summer бағдарламасын ұйымдастырады. Осы уақытта "Бәйтерек" монументінің жанында демалыс күндерінің концерттері өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу