Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 124 жол апаты тіркелді

1037

Полиция жүргізушілерге жолда сақ болуға кеңес береді.

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 124 жол апаты тіркелді

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 124 жол апаты тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Биыл 23 наурызда сағат 14.30-да Қосшыдан елордаға баратын тас жолда 12 көлік соқтығысты. Жол апатына жүргізушілердің жылдамдықты сақтамауы себеп", – деп жазылған Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Дәрігерлер зардап шеккен 3 адамды тексеріп, үйіне жіберді.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті жүргізушілерге жолда сақ болуға, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауға, көліктің тежегішін бірден баспауға, қашықтықты сақтауға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу