Нұр-Сұлтанда болған жол апатынан зардап шеккендер әлі өтемақы алмаған

606

Оқиға 26 наурызда Ұлы дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында болды.

Нұр-Сұлтанда болған жол апатынан зардап шеккендер әлі өтемақы алмаған

Нұр-Сұлтан қаласында осыдан шамамен бір жарым ай бұрын орын алған сұмдық жол көлік апатынан зардап шеккен азаматтар әлі күнге дейін өтемақыларын ала алмай отыр. Бұған себеп  тергеу амалдарының аяқталмағандығы, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Естеріңізге сала кетсек, алапат апат 26 наурыз күні елордадағы Ұлы дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында орын алған болатын. Салдарынан екі адам мерт болды. Ал зардап шеккен 30-ға жуық адамның 7-інің жағдайы тым ауыр.

Оқиғадан кейін бірден сұхбат берген №1 автопарк өкілі зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетеледі деп сендірген болатын. Алайда, науқастар тиісті өтемақысын алған жоқ.

"Қазіргі таңда әлі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот әлі аяқталған жоқ. Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана сақтандыру компаниясы зардап шеккендерге өтемақыны төлейді. Әлі сараптама дайын емес. Осы себепті сот кешігіп жатыр", – деді "Астана Lrt" компаниясы қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Науат АЗАНБАЕВА.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу