Нұр-Сұлтанда инфекциялық төсек-орын жүктемесі төмендеді

741

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа шалдыққан науқастар үшін қосымша ашылған орындардың арқасында төсек-орын жүктемесі 71%-дан 58%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда инфекциялық төсек-орын жүктемесі төмендеді

Кеше таңертең КВИ-мен күресу үшін жалпы саны 2 505 орны бар 14 стационар ашылып, жүктеме 71%-ды құраса, онда жаңа инфекциялық орындар ашылғаннан кейін жүктеме 58%-ға төмендеді. Қазіргі уақытта ашылған инфекциялық төсек саны үш мыңнан асады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін коронавируспен ауырғандардың көбеюіне байланысты қалада екі аурухана инфекциялық стационарға ауыстырылған болатын. Олар: Қалалық психикалық денсаулық орталығы және ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталі. Жалпы төсек-орын қуаты: 300 орын.

9 шілдеден бастап №1 Көпбейінді қалалық аурухана ковидтік стационар ретінде іске қосылды. Бұл ауруханада тағы 600 төсек-орын ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу