Нұр-Сұлтанда ірі жол апаты болды

754

Жол апаты салдарынан зардап шеккен 2 адам ауруханаға жатқызылды.

Нұр-Сұлтанда ірі жол апаты болды

Елордада 4 көлік соқтығысты, деп  хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің дерегінше, оқыс оқиға  22 ақпанда кешкі сағат 19.22-де Түркістан көшесінде болған.

"31 жастағы Hyundai маркалы көліктің жүргізушісі Бұқар жырау көшесі жақтан Орынбор көшесіне қарай кетіп бара жатып Subaru XV көлігімен соқтығысты. Соққының күшімен тағы екі көлікке Subaru Legacy мен Chevrolet Malibu-ге зақым келген", – деп жазылған хабарламада.

Жол апаты салдарынан 4 адам зардап шеккен, оларға медициналық көмек көрсетілген.

"2 адам ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша анықтау жүргізіліп жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, елордада бір тәулікте 115 жол апаты тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу