Нұр-Сұлтанда көмірді қайдан алуға болады

665

Елордада қаланың түрлі бөліктеріндегі 10 нүктеде көмір сатумен айналысатын 7 компания анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда көмірді қайдан алуға болады

Көмірдің орташа құны жеткізу құнын есептемегенде тоннасына 13 мың теңгені құрайды.
Көмірді келесі мекенжайлар бойынша сатып алуға болады:
- Герцен көшесі, 4/1-қаражыра сорты, қаражыра тұтынушысы;
- Сороковая станция-қаражыра сорты, қаражыра тұтынушысы;
- Герцен көшесі, 6/2-богатырь ұсақ, майкөбе, Қарағандылық жалын, Қаражыра, Шұбаркөл сорты;
- Көктал, 28/1-майкөбе;
– Жұбанов к-сі, 35-Шұбаркөл;
- Көктал, 28/2-Шұбаркөл;
- Ж. Жабаев көшесі, 68-Қаражыра сорты.,
– Мақат к-сі, 40-Қаражыра сорты., Қаражыра;
- Герцен көшесі, 6Б-богатырский, Қаражыра, жалын, майкөбе ;
- Сороковая станция - Шұбаркөл.

Еске сала кетейік, бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов биылғы жылыту маусымында газға қосылу мүмкіндігі қаланың тағы жеті тұрғын алабының тұрғындарында пайда болатынын хабарлаған еді. Олардың қатарында Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Көктал-1, Агроқалашық (2020 жылы қосылмаған бөлік) бар. Сондай-ақ, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде. "Қазақауыл" (Қараөткел) шағын ауданы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылыту маусымында Железнодорожный, Көктал-2, Агроқалашық тұрғын алаптарының тұрғындары газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Сол кезде 345 км кварталішілік газбен жабдықтау желілері салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу