Нұр-Сұлтанда КВИ-ға қарсы ревакцинациялау басталды

844

Елордалық медициналық ұйымдарда 9 ай бұрын коронавирусқа қарсы вакцина алған азаматтардың ревакцинациясы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда КВИ-ға қарсы ревакцинациялау басталды

Осылайша, бүгіннен бастап медициналық қызметкерлер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері мен педагогтер қайта егіледі. Сондай-ақ бұл тізімге медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері мен контингенті, күштік құрылымдардың қызметкерлері кірді.

"Бүгін біз ақпан-наурыз айларында алғашқы болып екпе алған азаматтарды ревакцинациялауға кірісеміз. Сонымен қатар 6 ай бұрын QazVac және қытайлық Vero Cell препаратының дозасын алған адамдар ревакцинацияға жатады. Компоненттер арасындағы аралықты сақтау өте маңызды. Біздің вакцинация пунктерінде бұл процедура үшін жеткілікті мөлшерде доза бар. Сонымен қатар КВИ-ға қарсы вакцинамен ревакцинация жүргізуге болады", – деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Сондай-ақ ол қалада Pfizer препаратымен вакцинациялау жалғасып жатқанын айтты. Pfizer вакцинациясы басталғаннан бері бір апта ішінде елордада жүкті әйелдер, 12-18 жас аралығындағы балалар мен бала емізетін аналар қатарынан 3 600-ден астам қала тұрғыны егілді.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 1 компонентпен вакцинацияланғандар саны 465 мың адамды құрады, екінші компонентті 427 мыңнан астам азамат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу