Нұр-Сұлтанда пайдаланылмаған жер учаскелері алынып, сауда-саттыққа шығарылды

898

Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің мүліктік емес сипаттағы талаптарды орындау бөлімінде жыл басынан бері мақсатты пайдаланылмаған жер учаскелерін алу бойынша 18 атқарушылық іс жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Нұр-Сұлтанда пайдаланылмаған жер учаскелері алынып, сауда-саттыққа шығарылды

Осыған байланысты сот шешімі бойынша мәжбүрлеп алынған, сол сияқты мақсатты пайдаланылмаған 7 жер учаскесі бөлімнің сот орындаушысымен сауда-саттыққа шығарылып, жалпы сомасы 1 500 000 000 теңгеден астам сомаға сатылды.

Қазіргі уақытта 10 атқарушылық іс жүргізу аяқталды (7-еуі толық көлемде орындалды, 3-еуі сот шешімінің күшін жоюға байланысты тоқтатылды), алынған жер учаскесінің біреуі сауда-саттыққа шығарылды, 7 атқарушылық іс жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу