Нұр-Сұлтанда шетел азаматы намаз уақыты кезінде ұрлық жасаған

660

22 жасар Өзбекстан азаматы намаз уақыты кезінде ұрлық жасаған, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда шетел азаматы намаз уақыты кезінде ұрлық жасаған

Мигрант елордаға маусым айының соңында келіп, мешітте ұрлық жасаған. Шетелдік азаматтың ұрлықтың алты жайтына қатысы бар, ұрланғандардың ішінде ақша мен ұялы телефондар болған.

Күдікті жасаған қылмыстарының бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын білмеген. Аталған қылмысқа қатысты бейнетаспалардан оның ұяшықтардан келушілердің сөмкелерін алып, ұрлық жасағанын көруге болады.

Шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынды. Жігіт кінәсін мойындады, полицейлер заттай айғақ ретінде төрт телефон тәркіледі.

Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу