Нұр-Сұлтанда соңғы тәулікте карантин режимін бұзудың 60 жағдайы тіркелді

623

Тәртіп сақшылары, эпидемиологтар, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері карантиндік режимнің бұзылу жағдайларын анықтау мақсатында рейд жүргізуді жалғастыруда. 

Нұр-Сұлтанда соңғы тәулікте карантин режимін бұзудың 60 жағдайы тіркелді

Бұл туралы рейд барысында Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөліміне қарасты Есіл аудандық полиция бөлімінің бастығы Мадияр Айтуғанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Тәртіп сақшылары, эпидемиологтар, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері карантиндік режимнің бұзылу жағдайларын анықтау мақсатында рейд жүргізуді жалғастыруда. Өткен тәулік ішінде Нұр-Сұлтанда мобильді топтар карантин режимін бұзудың 60 жағдайын анықтады. Олардың 42-сі маска кию мен әлеуметтік қашықтықты сақтаудың міндетті талаптарын бұзу, сондай-ақ 18-і тыйым салынған уақытта жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің ереже бұзуы", - деді Мадияр Айтуғанов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу