Нұр-Сұлтанда жас әйелдің мәйіті табылды

544

Күдікті ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтанда жас әйелдің мәйіті табылды

Полицияға Әуезов көшесіндегі үйдің тұрғынынан баспалдақ алаңында қанталаған әйелдің жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер дене жарақаттары бар 34 жастағы әйелдің мәйітін тапты.

Бір тәуліктің ішінде Ақмола облысының аумағында 37 жастағы күдікті ұсталды. Анықталғандай, ер адам бір күн бұрын аулада жас әйелмен танысып, бос уақытын өткізу үшін оны пәтеріне шақырған. Отырыс барысында күдікті мен қонақтың арасында жанжал туындап, ер адам спорттық зілтемірден металл белтемірді алып, жәбірленушінің денесіне бірнеше рет соққы жасаған.

Әйелдің есінен танып бара жатқанын көрген ол оны пәтерден алып шығып, баспалдақ алаңында қалдырған. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу