Нұр-Сұлтанда жедел медициналық жәрдем музейі ашылды

1752

Мұнда барлығы 50-ден астам экспонат қойылған. 

Нұр-Сұлтанда жедел медициналық жәрдем музейі ашылды

Музейде келушілер назарына жедел жәрдем қызметінің 90 жылдық тарихынан сыр шертетін құралдар мен түпнұсқа құжаттар, сондай-ақ тарихи суреттер қойылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Музей 1930 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі атқарылған қызметтерді  қорытындылау, медицина саласының қаншалықты дамығандығын көрсету мақсатында ашылып отыр. Экспозицияға негізінен біздің қызметіміздің қалыптасу тарихынан сыр шертетін түпнұсқа құжаттар, құралдар мен тарихи фотосуреттер қойылған. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық құрал-жабдықтар, біздің қызметкерлеріміздің әр түрлі жылдардағы формасы ұсынылды", – дейді ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бастығы Еділ Шалов.

Мұнда барлығы 50-ден астам экспонат қойылған. Олардың бір бөлігі осы уақытқа дейін қалалық қосалқы станцияларда сақталған болатын. Бір бөлігі өңірлерден жиналыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу