Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем шақырту көбейген

883

Коронавирусқа байланысты күніне 300-ге жуық қоңырау түседі.

Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем шақырту көбейген

Нұр-Сұлтанда КВИ бойынша жедел медициналық жәрдем станциясына түскен шақыртулар мен өтініштер саны артты,inbusiness.kz  деп әкімдік сайтына сілтеме жасап хабарлайды. "Елордада жедел жәрдем қызметіне жүктеме тағы да артты. Қаладағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жедел медициналық жәрдем станциясына күніне 3-3,5 мыңға дейін өтініш келіп түседі",– делінген Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Қалалық жедел медициналық жәрдем қызметі диспетчерлік бөлімінің меңгерушісі Бота Сәдетханның айтуынша, КВИ, ЖРВИ және пневмония бойынша хабарласатындар саны артты.

"Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда қазір жедел жәрдемге хабарласатындар саны 40%-ға дейін өсті! Соңғы аптаның өзінде КВИ-ға байланысты қоңыраулар саны 1,5 есеге, яғни тәулігіне 179-дан 300-ге дейін өсті", - дейді Бота Сәдетхан.

 

Қазіргі уақытта елордада коронавирус індетінің өскені байқалады. Өткен тәулікте 219 адам жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

КВИ емдеу үшін 14 стационар жұмылдырылды. Қала бойынша барлығы 1 600-ден астам пациент стационарлық емделуде, оның ішінде 1 400-ден астамы КВИ-мен, қалғаны – пневмония. Төсек жүктемесі 75%-ды құрайды. Реанимация бөлімшесінде 104 пациент бар, оның ішінде ауыр дәрежеде – 48 адам, аса ауыр дәрежеде – 56 науқас.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу