Нұр-Сұлтанда жылу беру маусымы қашан аяқталатыны белгілі болды

775

Биыл 18 сәуірден бастап елордада үйлерге жылу беру тоқтайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтанда жылу беру маусымы қашан аяқталатыны белгілі болды

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу ережелеріне сәйкес, Нұр-Сұлтанда орташа тәуліктік сыртқы ауа температурасы күнтізбелік бес күн бойы +10°С және одан жоғары болса, жергілікті атқарушы орган жылу беру маусымын аяқтау туралы шешім қабылдайды.

"Бесінші күн 17 сәуірге түсіп тұрғанын ескеріп, 18 сәуірден бастап жылуды өшіру туралы шешім қабылданды", – деп жазылған хабарламада.

Алайда әкімдік әлеуметтік нысандарға жылу берілетінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу