Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы қашан басталады

929

Нысандарға бекітілген кесте бойынша дайындық жүргізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы қашан басталады

Елордада жылыту маусымы сырттағы орташа ауа температурасы бес тәулік бойы +10 °С және одан төмен болған кезде басталады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты..

"ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы "ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" заңына, сондай-ақ елордалық мәслихаттың 2014 жылғы 27 маусымдағы шешімі брйынша жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, бес тәулік ішінде сыртқы ауаның орташа температурасы +10 °С және одан төмен болған кезде, жергілікті атқарушы орган жылыту маусымының басталуы туралы шешімі қабылдайды", – деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, елордада энергия кешендерін, ТКШ, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарын дайындау бекітілген жоспар бойынша жүргізілуде.

Көппәтерлі тұрғын үй қорының дайындығы 90%-дан жоғары. Сонымен қатар, қалада күн сайын 20 мың тонна көлемінде қатты отын қоры қамтамасыз етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу