Нұр-Сұлтандағы "Қазақстан" спорт кешені сүрілуі мүмкін

1216

Қазіргі таңда спорт кешені апатты жағдайда тұр. 

Нұр-Сұлтандағы "Қазақстан" спорт кешені сүрілуі мүмкін

Елордадағы "Қазақстан" спорт кешені сүрілуі мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Бүгінде ғимарат апатты жағдайда тұр. Мәселе оның шатыры мен негізгі конструкциясына қатысты болып тұр. Сондықтан біз жобалық-сметалық құжатты дайындадық. Биыл ғимаратты күрделі жөндеуден өткіземіз немесе сүріп те тастауымыз мүмкін. Бірақ бізге мамандар "ғимараттың қай бөлігін сүру керегін" айтады", – деді ол халыққа есеп беру кездесуінде.

Алтай Көлгінов спорт кешені сүрілмеген жағдайда күрделі жөндеу жұмысы 2022 жылы аяқталатынын атап өтті.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу