Нұр-Сұлтанға екі аптада 110 тонна медициналық препарат жеткізілді

568

Елордада медициналық колледждерден 275 жас маман емханаларға жұмысқа орналасты.

Нұр-Сұлтанға екі аптада 110 тонна медициналық препарат жеткізілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада қазіргі күні шамаман бір айға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры жиналғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қаладағы колледждерден 275 жас маман емханаларда жұмысқа орналасты. Жалпы алғанда оқу орындарынан 500-ден астам жас медициналық мамандар тартудамыз. Оларға елордалық дәрігерлермен бірдей еңбек және демалыс жағдайы қарастырылған", – деді Алтай Көлгінов Үкімет отырысында.

Елорда әкімі дәріханалық желілердің дистрибьютерлеріне логистика, дәрі-дәрмектерді сатып алу және қалаға жеткізу рәсімдерін жеңілдету мәселелері бойынша қолдау көрсетіліп жатқанын айтып өтті.

"12 шілдеден бастап елордаға Түркия, Ресей, Үндістан және басқа да елдерден сұранысқа ие фармакологиялық топтарға кіретін (вирусқа қарсы, антибактериалды терапия, антикоагулянттар және антикоагулянттар) 110 тоннадан астам медициналық препараттардың 4,5 миллион қаптамасы жеткізілді. Дәрі-дәрмектер дәріханалардың ірі желілеріне теңдей бөлініп жеткізілді, қазіргі күні шамаман 1-айға жеткілікті қор қалыптастырылды", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу