Нұр-Сұлтанға Үрімшіден арнайы ұшақпен гуманитарлық көмек жеткізілді

845

Медициналық бұйымдарды Қытайдың бірқатар провинциясы, мемлекеттік органдары мен компаниялары жолдаған.

 Нұр-Сұлтанға Үрімшіден арнайы ұшақпен гуманитарлық көмек жеткізілді

2020 жылғы 24 сәуірде ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағымен Үрімшіден (ҚХР) Нұр-Сұлтанға медициналық жүк жеткізілді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Медициналық жүк маска (131500 дана), қолғап (10900 дана), термометр (100 дана) және арнайы қорғаныс киімдерден (720 дана) тұрады.

Гуманитарлық жүкті мемлекеттік органдар мен мекемелерге тарату үшін бірыңғай дистрибьютор – "СҚ-Фармация" ЖШС қабылдап алды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу