Нұр-Сұлтаннан бүгін түнде 20 467 текше метр қар шығарылды

1103

Қар таситын көліктер 1706 рейс жасапты.

Нұр-Сұлтаннан бүгін түнде 20 467 текше метр қар шығарылды

Елордада бүгін түнде қар тазалау жұмыстарына 729 арнайы техника мен 150 жол жұмысшысы шықты, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Бүгін қар тазалау жұмыстарына 974 арнайы техника мен 1663 жол жұмысшысы шықты. 04-05.01.2020 қараған түні 729 арнайы техника мен 150 жол жұмысшысы жұмылдырылды",–делінген хабарламада.

Нәтижесінде қаладан түнде 20 467 текше метр қар шығарылған (1706 рейс).

Маусым басталғалы 1 446 026 текше метр қар шығарылыпты (120 502 рейс).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу