Нұр-Сұлтанның аудан әкімдері көшелерді су басқаны үшін жазаланады

1151

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында өз жұмысын сапалы орындамайтын аудан әкімдері жазаға тартылатынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Нұр-Сұлтанның аудан әкімдері көшелерді су басқаны үшін жазаланады

"Көктем келісімен қаланы ретке келтіру керек. Бұл – санитарлық тазалау, қарды уақытылы шығару, абаттандыру, қасбеттерді тиісті қалыпқа келтіру және т. б. жұмыстар.

Тұрғындар тарапынан өтініштер жиілеп кетті. Қаланы аралау барысында барлық аудан әкімдерінің өз жұмыстарын сапалы атқара бермейтіні көрінеді. Аудандық әкімдіктерде жауапкершілікті бір-біріне бұру фактілері бар.

Ең көп шағымдар Есіл және Алматы аудандары бойынша түсіп жатыр. Бұл – аумақтарды уақытылы жинамау, мердігерлік ұйымдардың жұмысын нашар бақылау, тұрғындардың өтініштеріне дер кезінде жауап бермеу мәселелері. Кей жұмыстар тіптен аяқсыз қалған! Алматы және Есіл аудандарының әкімдеріне қатаң ескерту жасалды.

Барлық аудан әкімдеріне кабинеттерден шығып, өз аумақтарын жаяу аралап, мәселелерді шешуді, сеніп тапсырылған учаскелерге жауап беру тапсырылды. Барлық кемшіліктер қысқа мерзімде түзетілуі керек.

Жұмыстарды сапасыз және уақытылы орындамаған жағдайда тәртіптік жауапкершілікке тартамыз", — деп жазды елорда әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу