"Нұра топтық су құбырына" 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

968

ШЖҚ "Нұра топтық су құбыры" РМК-ы "Ертіс" филиалының суды беру тарифі төмендетілді.

"Нұра топтық су құбырына" 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

ШЖҚ "Нұра топтық су құбыры" РМК-ның "Ертіс" филиалы Павлодар облысының Май ауданында магистралдық құбыр жолдар арқылы су береді. Табиғи монополия субъектісі ретінде табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті.

Бірақ, ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің хабарлауынша, филиал "12,9 млн теңге сомасында бекітілген тарифтік сметаның шығын баптарын орындамаған"

Комитеттің Павлодар облысы бойынша департаменті "Ертіс филиалының қызметтеріне 2022 жылғы 1 маусымнан бастап 2023 жылғы 31 мамырға дейін қолданысқа енгізе отырып, ҚҚС-сыз 116,22 теңге/м3 мөлшерінде уақытша өтемдік тариф бекітті, онда төмендеу - 1,5%-ды құрайды".

"Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 43-бабының 1, 3-бөліктерінің негізінде, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің ШЖҚ "Нұра топтық су құбыры" РМК-ға қатысты 4 900 800 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуды көздейтін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама қарау сатысында",- деп жазылған хабарламада.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу