Шымкентте марқұм Нұрай Серікбайдың ісі бойынша басты сот талқылауы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Otyrar TV-ға сілтеме жасап.
Бүгінгі сот отырысында айыпталушы Шерхан Аймаханнан жауап алынды. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, сотталушы тағылған айыппен келіспейтінін, марқұмды аффект жағдайында өлтіріп алғанын жеткізді.
"...Өз көлігіме кетіп бара жатқан кезде Нұрайдың кездесу орнына жүгіріп бара жатқанын байқадым. Содан кейін мен барып, тек Нұраймен сөйлескен болатынмын. Жағдайларды айтып, қоштасамыз дегеннен кейін өзі көкірегімнен ұрып, боқауыз сөздер айта бастады. Менің қалтамда пышақ сезілді. Екі пышақ болғаннан кейін кішкентай пышағымды алып, Нұрайға ұсындым. "Одан да пышақта" деп айтқан болатынмын. Ол пышақты алып, сол қолымен оң тұсыма пышақ сұққан кезде, мен артқа шегінген едім. Содан кейін қалай болғаны менің есімде жоқ", – деді сотталушы.
Айта кету керек, бұған дейін Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сұмдық жайт белгілі болғанын жазғанбыз.