Ол полиция департаментінің ресми мәлімдеме мәтінін де жария еткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Екі рет жүргізілген сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктіден психикалық бұзылыстар анықталып, осыған байланысты ол мамандандырылған мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілді. Емдеу аяқталғаннан кейін күдікті тергеу әрекеттерін жалғастыру үшін қайтадан тергеу изоляторына қамалады.
Тергеушілер жәбірленуші тараппен тұрақты байланыста: үздіксіз байланыс қамтамасыз етіліп, қабылданған процессуалдық шешімдер бойынша түсіндірмелер берілуде, заңда белгіленген тәртіппен тергеу барысы туралы ақпарат жеткізілуде, сараптама қорытындылары мен іс материалдары түсіндірілуде.
Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделген, – делінген хабарламада.
Сұлтан Серікбайдың сөзінше, қазіргі уақытта күдікті Талғар қаласындағы мамандандырылған мекемеде жатқан болуы мүмкін. Шымкентте небәрі 21жасында кісі қолынан қаза тапқан бойжеткеннің жақындары "айыпталушы психикалық ауытқуын желеу етіп, жазадан құтылып кетуі мүмкін" деп алаңдайды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында үнемі үн қатып келеді.