Нұрай Серікбайдың өлімі: Күдіктінің үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды

231

Полиция күдіктіге қатысты сталкинг фактісі бойынша да қылмыстық іс қозғады.  

Нұрай Серікбайдың өлімі: Күдіктінің үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды Фото: ЖИ

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты тергеуде жаңа мән-жайлар қаралып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазір күдіктінің іс-әрекеті бірден үш бап бойынша тіркеліп отыр: "Адам өлтіру",  "Алып қашу" және "Сталкинг".

Дегенмен марқұмның отбасының адвокаты бұл саралаумен келіспейтінін мәлімдеді. Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Аянхан Омаров айыптауды қатаңдату қажет деп есептейді.

Адвокаттың айтуынша, әлеуметтік желілерде тараған Нұрайдың екі фотосуретіне сүйеніп, күдіктінің әрекетін ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша, яғни "аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру" ретінде саралау орынды.

"Біз тиісті өтінішхатты жолдадық. Қазір оның жауабын күтіп отырмыз", – деді Аянхан Омаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу