Нұрдәулет Жарылғапов қазақ күресінен ел чемпионы атанды

241

Ақтауда басталған қазақ күресінен ел чемпионатында маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов 100 келіден жоғары салмақта топ жарды.

Нұрдәулет Жарылғапов қазақ күресінен ел чемпионы атанды Фото: mangystaumedia.kz

Аса ауыр салмақта күрескен спортшы турнир барысында барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты mangystaumedia.kz порталына сілтеме жасап.

"Қара бура" лақап атымен танымал Н.Жарылғапов ел чемпионатында кезекті рет жеңіске жетіп отыр. Еліміздегі аса ауыр салмақтағы балуандар көшін бастап тұрған спортшы биыл "Қазақстан барысы" турнирінде күміс белбеу иегері атанған болатын.

Жеңісті сәттен кейін пікір білдірген балуан бұл жеңісін Бейнеу ауданының 50 жылдығына арнайтынын мәлімдеді.

Еліміздің туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ақтау қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы ел чемпионаты өтіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу