Нұрлан Ермекбаев Қазақстанның бас раввинімен кездесті

783

Нұрлан Ермекбаев Қазақстанның бас раввинімен кездесті

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстанның бас раввині Ешая Когенмен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Министр мен бас раввин мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы ауқымды мәселелерді және Қазақстандағы иудей қауымы қызметінің бірқатар жұмысы мәселелерін кеңінен талқылады.

Әңгімелесу барысында тараптар Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі конфессияаралық диалогты нығайтуға және халықаралық дәрежеде этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін қалыптастырудағы ерекше рөлін айтып өтті.

Қазақстанның бас раввині еврей қауымы мемлекетпен сындарлы сұхбат құруға дайын екенін жеткізді.

Іс-шара барысында министрлік басшысы Қазақстанның бас раввині Ешая Когенге "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медалін тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу