Нұрлан Мәсімовтың ісі сотқа берілді

660

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Нұрлан Мәсімовтың ісі сотқа берілді Фото: kapital.kz

“Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Н. Мәсімовке, оның орынбасары Д.Сиразидимовке және кәсіпкер Е. Евковичке қатысты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады”, делінген ақпаратта.

Ақпаратқа сәйкес, Мәсімов пен Сиразидимов мемлекеттік сатып алуды өткізу және үлестес компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде қамқорлығы үшін 90,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталуда.

“Сондай-ақ, олар арттехқару-жарақ сатып алуға арналған 420 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталуда”, делінген хабарламада.

22 желтоқсанда Павлодар облыстық прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу