Нұрлан Ноғаев: ТКШ саласындағы жұмыс жүйелі және ақаусыз болуы керек

975

Нұрлан Ноғаев: ТКШ саласындағы жұмыс жүйелі және ақаусыз болуы керек

17  қаңтарда Жылыой ауданына жұмыс сапары  кезінде Атырау облысының  әкімі Нұрлан Ноғаев аймақтағы жылу маусымының барысы жайлы жиналыс өткізді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар  қызметі.
Жұмыс сапарында облыс әкімі Жылыой ауданындағы  нысандармен танысты. 
2017  жылы ауданда 7367  шағын және орта бизнес субъектісі  тіркелді,  олар 16843  адамды жұмыс орнымен қамтып отыр.
2017-2018 оқу жылында 1-4  сыныптарда оқитын 8735  оқушы және аз қамтылған отбасылардың 900  баласы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Ауданда ауыл шаруашылығы бағытындағы бір ЖШС, 240  шаруа қожалығы бар.
Ірі сауда нүктелерінде 19 әлеуметтік маңызды азық-түліктің бағасына мониторинг үнемі жүргізіліп отырады.
Аймақ басшысы жедел  жедел басқару орталығы құрылысын аралап көрді. 2017  жылдың маусымында құрылысы басталған нысан 2018  жылы пайдалануға беріледі. Ол Құлсары қаласындағы криминогендік ахуалдың жақсаруына оң ықпал  етеді. 
Сонымен қатар Жылыой ауданына жұмыс сапарында облыс әкімі 2017-2018 жылғы жылыту маусымына және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселесіне қатысты жиналыс өткізді.
Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Жұмабай Қарағаев баяндағандай, облыста 396 білім беру нысаны, 158 денсаулық сақтау, 281 әлеуметтік және 1064 көппәтерлі тұрғын үй, қуаты  сағатына 100 Гкал 1183 жылу қазандығы, 519,7 км жылу желісі, 3223,1 км сумен жабдықтау желісі,436,5 кәріз желісі  жылыту маусымына дайындалған.
Нұрлан Ноғаев тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында бақылауды күшейту керектігін айтты. 
-Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы жұмыс жүйелі және ешқандай ақаусыз болуы тиіс,-деді аймақ басшысы. -Осы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін келесі жылға дайындықты бастау керек. Жылыту маусымы талапқа сай болуы тиіс,  осыны барлық жауапты адамдарға ескертемін. 
Облыс әкімі сапар барысында "Нұр Отан"  партиясының  аудандық филиалында азаматтарды қабылдап,  Жылыой ауданы әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлының  жылдық есеп беру жиынына қатысты. 
Жұмыс сапары барысында Нұрлан Ноғаев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу